Сандерс: Ондаған миллион америкалық аштық қарсаңында тұр
2020 жылы АҚШ-та өтетін президенттік сайлауға демократтар тарапынан үміткер болуы мүмкін Вермонт штатының сенаторы Берни Сандерс сәрсенбі күні Twitter-дегі жазбасында: «Коронавирус дағдарысы салдарынан осы елдің ондаған миллион адамы кедейшілік пен ашаршылық қарсаңында тұр»,-деп хабарлады.
Tasnim ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Берни Сандерс Twitter-дегі жазбасында Трамп үкіметінің саясатын сынап: «Күн сайын үдеп келе жатқан бұл дағдарыста ондаған миллион америкалық ашаршылық қарсаңында тұр. Біз мұндай жағдайдың орын алуына жол бермеуіміз керек»,-деп жазды.
АҚШ-тағы коронавирус дағдарысы соңғы апталарда миллиондаған адамды үйде отыруға мәжбүрлеп, жұмыссыз қалу қаупіне ұшыратып отыр. Тіпті АҚШ-тағы экономикалық сарапшылар бұл дағдарыстың елде миллиондаған жұмыс орнының жабылуына себеп бола алатынын ескертті.
Соңғы статистикалық мәліметтерге сәйкес, АҚШ-та осы күнге дейін 214836 адам коронавирус жұқтырып, 5099 адам көз жұмды.