Трамп Иран халқын қолдайтынын білдірді
ИИР-ға қарсы қоқан-лоққысын қайта бастаған АҚШ Президенті бейсенбі күні кешке бұл елдің халқын қолдайтынын мәлімдеді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Дональд Трамп коронавирустың таралуы туралы өткен бір баспасөз отырысында АҚШ-тың Иранға қарсы экономикалық және медициналық терроризміне тоқталмастан: «Вашингтон Иранға медициналық құрал-жабдықтарды жіберуге рұқсат беруі үшін Теһран осы күнге дейін санкцияларды азайтуды сұраған жоқ. Иранның экономикасы мен әскери қуатына ауыр соққы берілді. АҚШ Иранға көмектесуге әзір»,-деді.
АҚШ Президенті Иранды коронавирус таралып жатқан әлемдегі ең нашар ел деп атап: «Егер Теһран көмек сұраса, АҚШ ирандықтарға көмектеседі»,-деді.
Трамп АҚШ-тың өзі коронавирус жұқтырғандар саны бойынша әлемде бірінші орында тұрған жағдайда Иранды осы вирус таралған әлемдегі ең нашар ел деп атады.