АҚШ-та коронавирустан қайтыс болғандардың саны 7000-нан асты
Сәу 04, 2020 13:45 Asia/Almaty
АҚШ-та коронавирус салдарынан қайтыс болғандардың саны 7000-нан асты.
Fars News ақпарат агенттігінің мәліметінше, АҚШ ақпарт құралдары жұма күні кешке бұл елде 276037 адамның коронавирусқа шалдыққанын, олардың 7385 өлгенін хабарлады. АҚШ коронавирустан өлген азаматтары тұрғысынан әлемде бірінші орында. ДДСҰ өткен сейсенбі күні АҚШ-тың жақын арада коронавирус орталығына айналуы мүмкін екені туралы болжам айтты.