Ұлыбритания Премьер-министрі ауруханаға жатқызылды
Ұлыбритания Премьер-министрінің кеңсесі Борис Джонсон коронавирус жұқтырғаннан 10 күн өткен соң ауру белгілерінің жалғасуына байланысты жексенбі күні кешке көбірек тексерілу үшін ауруханаға жатқызыланын хабарлады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, жұма күні 27 наурызда Ұлыбритания Премьер-министрінің коронавирус тесті оң нәтиже көрсетті. Ол осы аралықта үйде карантинде болды.
Ұлыбритания үкіметінің ресми статистикасына сәйкес, елде 47806 адам коронавирус жұқтырып, олардың 4934 адамы көз жұмды.
Италия үкіметі өткен 24 сағатта елде коронавирус жұқтырған 4316 адамның тіркелгенін хабарлап: «Осы күнге дейін елде жалпы саны 128947 адам вирус жұқтырды. Коронавирус жұқтырған 357 адамның қазасын қосқанда елде вирус құрбандарының саны 8078 адамға жетті. Олардың 5889-ы ауруханаларда, ал 2189-ы қарттар үйінде көз жұмды»,-деп хабарлады.