Ресейлік дипломат Иранның ядролық бағдарламасы туралы қате болжамды теріске шығарды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i46220-Ресейлік_дипломат_Иранның_ядролық_бағдарламасы_туралы_қате_болжамды_теріске_шығарды
Ресейлік дипломат АҚХА-нің Ирандағы тексерістерінің жалғасып жатқанына тоқталып, бұл үдерістің Иранның ядролық бағдарламасына қатысты кейбір қате болжамдардың жойылуына септігін тигізетінін айтты.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Сәу 06, 2020 13:22 Asia/Almaty
  • Ресейлік дипломат Иранның ядролық бағдарламасы туралы қате болжамды теріске шығарды

Ресейлік дипломат АҚХА-нің Ирандағы тексерістерінің жалғасып жатқанына тоқталып, бұл үдерістің Иранның ядролық бағдарламасына қатысты кейбір қате болжамдардың жойылуына септігін тигізетінін айтты.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ресейдің Венада орналасқан халықаралық ұйымдардағы өкілі Михаил Ульянов дүйсенбі күні Twitter-дегі парақшасында Иранның АҚХА-мен толық әріптестік жасап жатқанын растап: «Коронавирустың жаппай таралуына қарамастан, АҚХА-ның Ирандағы бақылау және дұрыстықты тексеру жұмыстары сәтті жалғасып жатыр. Бұл әріптестік Иранның ядролық бағдарламасы туралы жөнсіз болжамдарды жоюға көмектеседі»,-деп жазды.