Әлем коронавируспен тиімді күресу үшін АҚШ-тан санкцияларын тоқтатуды талап етуде
БҰҰ-дағы ИИР тұрақты өкілі ұйымның Бас ассамблеясының басшысына жолдаған хатында АҚШ-тың біржақты санкциялары коронавирустың таралуын арттырып, бүкіл елге зиян келтіреді деп, оны тоқтатуды талап етті.
IRNA ақпарат агенттігінің мәліметінше, Маджид Тахтраванчи БҰҰ Бас ассамблеясының «Коронавирусқа қарсы күрестегі жаһандық ынтымақтастық» қарарын бекітуіне байланысты жіберген хатында: «Коронавирус пандемиясы бүкіл аймақтар мен елдерге таралған қазіргі қиын жағдайда халықаралық бірлік пен ынтымақтастық қажет. Өйткені бүкіл мемлекеттер бұл ауруға қарсы кұресте бір шепте орналасқан»,- деді. Тахтраванчи АҚШ санкциялары салынған елдерге коронавируспен күресуге қиындық тудырғанына тоқталып: «Бұл жағдай тек бұл елдердің азаматтарына ғана емес, коронавирусқа қарсы жаһандық күрес пен жер бетіндегі бүкіл тұрғындардың денсаулығына зиян келтіріп отыр. Коронавирусқа қарсы тиімді күресу үшін АҚШ-тың заңсыз санкцияларын тоқтатуы бүкіл әлемнің мүддесі үшін қажеттілік болып табылады»,- деп қуаттады.