Әлемнің діни жетекшілері Иранға қарсы санкциялардың жойылуын талап етті
https://parstoday.ir/kz/news/world-i46271-Әлемнің_діни_жетекшілері_Иранға_қарсы_санкциялардың_жойылуын_талап_етті
Әлемнің діни жетекшілері хат жазып, АҚШ Президенті Дональд Трамптан Иранға қарсы санкцияларды жоюды сұрады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Сәу 10, 2020 14:06 Asia/Almaty
  • Әлемнің діни жетекшілері Иранға қарсы санкциялардың жойылуын талап етті

Әлемнің діни жетекшілері хат жазып, АҚШ Президенті Дональд Трамптан Иранға қарсы санкцияларды жоюды сұрады.


Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, әлемнің 120-дан аса елінде жұмыс істейтін 145-тен астам шіркеу мен оған қатысты ұйымдар,  Дүниежүзілік шіркеулер кеңесі және Христиан шіркеулерінің ұлттық кеңесінен тұратын ACT альянсы осы ортақ хатта коронавирус дағдарысы кезінде Иранға қарсы санкцияларды жою қажеттігін қуаттады.  

Хатта коронавирустың бүкіл әлемдегі адамзат баласының ортақ дұшпаны екені айтылып: «Жаппай таралған вируспен әсерлі түрде күресу әлем халықтарының бұрын‑соңды болмаған әріптестігі мен тілеулестігін, әлсіз топтардың күтімін арттыру, зиянды көбейтетін жағдайларды тез арада жоюды қажет етеді»,-деп баса айтты.

Әлемнің діни жетекшілері хатта санкциялардың Иран халқының өміріне әсеріне алаңдаушылық білдіріп, АҚШ-тың Иранға қарсы біржақты санкцияларының Теһран үкіметінің коронавируспен күресіне кедергі тудырып жатқанын қуаттады.