ОПЕК+ мұнай өндірісін 10 млн баррельге азайтуға келісті
https://parstoday.ir/kz/news/world-i46272-ОПЕК_мұнай_өндірісін_10_млн_баррельге_азайтуға_келісті
ОПЕК+ тобына мүше елдер бейсенбі күні кешке мұнай бағасын көтеру үшін мамыр мен маусым айларында мұнай өндірісін күніне 10 млн баррельге азайтуға келісті.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Сәу 10, 2020 15:02 Asia/Almaty
  • ОПЕК+ мұнай өндірісін 10 млн баррельге азайтуға келісті

ОПЕК+ тобына мүше елдер бейсенбі күні кешке мұнай бағасын көтеру үшін мамыр мен маусым айларында мұнай өндірісін күніне 10 млн баррельге азайтуға келісті.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бұл көлем 1 шілдеден бастап 8 млн баррельге азайып, 2020 жылдың аяғына дейін сақталатын болады.

Осы келісім бойынша, сондай-ақ, 2021 жылдың 1 қаңтарынан 2022 жылдың сәуір айының соңына дейін  бұл көлем өзгеріп, 6 млн баррельге түсіріледі.

ОПЕК ұйымына мүше елдер және оған одақтас мұнай өндіруші елдерден тұратын ОПЕК+ тобы, сондай-ақ, G20 тобына мүше елдерден мұнай өндірісін күніне 5 млн баррельге қысқартуды сұрады.

Иранның Мұнай министрі Бижан Намдар Зангане бейсенбі күні кешке ОПЕК+ тобына мүше елдердің отырысы аяқталғаннан кейін Иран, Венесуэла мен Ливияның мұнай өндірісін азайтудан босатылғанын хабарлады.