Еуразия экономикалық одағы Иранмен сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге дайын
https://parstoday.ir/kz/news/world-i46290-Еуразия_экономикалық_одағы_Иранмен_сауда_экономикалық_ынтымақтастықты_кеңейтуге_дайын
Еуразия экономикалық одағы Иранмен экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге дайын.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Сәу 11, 2020 16:23 Asia/Almaty
  •  Еуразия экономикалық одағы Иранмен сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге дайын

Еуразия экономикалық одағы Иранмен экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге дайын.

 

Еуразия экономикалық одағының Сауда министрі Андрей Слепнев Ресейдегі Иран елшісі  Казем Джалалимен телефон арқылы сөйлесіп,  бұл одақ пен Иран арасындағы сауда айналымының артуын Иранның шекаралас және аймақ  елдерімен қатынастарын арттыруын көрсететінін мәлімдеді.

Еуразия экономикалық одағының Сауда министрі ИИР-ның коронавирусқа қарсы жаһандық күрес жағдайында АҚШ-тың санкцияларын қисынсыз санаған ұстанымын қолдап:  «ЕЭО Иранның коронавируспен күреске қатысты шараларын қолдайды. Иранның осы жолдағы қажеттіліктері туралы  мүше мемлекеттерге ақпарат беруге дайын»,- деді. Ресей, Беларусь, Қазақстан, Армения мен Қырғызстан Еуразия экономикалық одағына мүше елдер.  Бұл елдер 20 млн. текше километр аумағы және 183 миллионнан астам халқымен сауда және экономика саласындағы үлкен нарық саналады. Аталмыш одақтың мүшелері сауда жүргізетін экономикалық ерекшеліктерге ие. ИИР Еуразия экономикалық одағына мүше бес елдің әрқайсымен екіжақты инвестициялық келісімге отырды. Иран өткен жылдың желтоқсан айынан бастап Еуразия одағына мүше елдерммен жеңілдетілген келісімді іске асыру кезеңіне енді.

Аймақтағы экономикалық және сауда ұйымдарының тәжірибесі мен аймақтағы экономикалық жағдайдың технологиялық және сауда салаларындағы тиімділігі саяси келісімдерге де жол аша алады. Бұл көзқарас бойынша, Иран мен ЕЭО-ның ынтымақтастығы  экономикалық тұрақтылық пен қауіпсіздікке әсер етеді. Бірқатар халықаралық ұйымдар  мен 40-тан астам мемлекет, соның ішінде Қытай, Оңтүстік Корея, Үндістан, Мысыр, Сербия және Латын Америкасы аймағындағы кейбір мемлекеттер одақпен ынтымақтастық жасауға әзірліктерін мәлімдеді.  Зерттеулер Иранның бұл елдерге 20 млрд. долларға жуық тауар экспорттау әлеуетіне ие екенін анықтады.  Экономикалық мәселелер бойынша сарапшылардың пікіріне сәйкес, әлемнің экономикалық келешегі осы аймақта дамиды. Еуразия Қытайдан басталып, Түркияғка жетеді. Бұл аймақ еуропалық және азиялық маңызды елдерден құрылған жаңа құрлық секілді.   Осындай ерекшеліктерге байланысты Еуразия экономикалық одағының Иранмен сауда және экономикалық айналымын кеңейтуге деген ерік-жігері аймақтық ынтымақтастықтың жаңа кезеңі саналады. Қазіргі жағдайда ынтымақтастықты басты қажеттіліктерге шоғырландыруға болады.  Иран мен Еуразия экономикалық одағына мүше елдер АҚШ-тың біржақты саясаттарына табандылық көрсету саясатын ұстануда. Сондықтан Иран мен ЕЭО ынтымақтастығын кеңейту АҚШ-тың біржақтылығы мен санкцияларына берілетін жауап болып табылады.  Бұл ынтымақтастық коронавирус дағдарысынан өткен соң Иран мен Еуразия экономикалық одағының мүмкіндіктерін пайдалану үшін жағдайды жақсартады.