Трамп елінің ақпарат құралдарын тағы сынады
(last modified Sun, 12 Apr 2020 10:49:47 GMT )
Сәу 12, 2020 16:49 Asia/Almaty
  • Трамп елінің ақпарат құралдарын тағы сынады

АҚШ Президенті елдің ақпарат құралдарына тағы тиісіп, The New York Times пен The Washington Post газеттерін сенімсіз басылымдар деп атады.

 

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сын пікір жазатын газеттерге көп тиісетін Дональд Трамп сенбі күні кешке Twitter-дегі жеке парақшасында: «The New York Times, Amazon мен  The Washington Post сияқты жеңіліс тапқан газеттердің дәйексіз ақпараттарына сенбеңіздер»,-деп жазды.

Трамп, сондай-ақ, елдегі коронавирус дағдарысының соңғы жағдайы туралы: «Менің ойымша, жағдай бұрын‑соңды болмаған деңгейге жетті. Бұл жөнінде ешқандай күмән жоқ»,-деп жазды.

Дональд Трамптың сенбі күні мәлімдеуі бойынша, Вайоминг штаты төтенше жағдай жарияланған елдің соңғы, 50-ші штаты болды.

Сенбі күні АҚШ-та коронавирустан 1300-ден аса адам қаза тауып, жалпы көз жұмғандардың саны 20000-нан асты. АҚШ әлемде коронавирус құрбандары саны жөнінен бірінші орынға шықты.  

 

Тегтер