Зариф пен Гутерриш Йемен туралы тағы кеңесті
https://parstoday.ir/kz/news/world-i46313-Зариф_пен_Гутерриш_Йемен_туралы_тағы_кеңесті
ИИР Сыртқы істер министрі мен БҰҰ Бас хатшысы жексенбі кешке телефон арқылы Йемендегі соңғы оқиғалар жайлы тағы сұхбаттасты.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Сәу 13, 2020 15:43 Asia/Almaty
  • Зариф пен Гутерриш Йемен туралы тағы кеңесті

ИИР Сыртқы істер министрі мен БҰҰ Бас хатшысы жексенбі кешке телефон арқылы Йемендегі соңғы оқиғалар жайлы тағы сұхбаттасты.

Fars News агенттігінің хабарлауынша, БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш телефон арқылы сұхбатта БҰҰ-ның Йеменде атысты тоқтату бітімін жалғастыруға қатысты шараларын баяндады.

Мұхаммад Джавад Зариф БҰҰ Бас хатшысының Йеменде атысты тоқтату бітімін орнатуға бағытталған талпыныстарын қолдап, бұл елдегі дағдарыстың әскери жолмен шешілмейтінін, тұрақты атысты тоқтату бітімін орнатуды Йемен дағдарысын шешетін саяси үдерісті бастаудың алғышарты деп атады.

Иран Сыртқы істер министрі, сондай-ақ Ауғанстандағы саяси дағдарысты шешу және бұл елде бейбітшілік үдерісін  ілгерілету саласындағы Иранның дипломатиялық талпыныстары жайлы сөз қозғап, өзінің осы ел басшыларымен, соның ішінде Мұхаммад Ашраф Ғани, Абдулла Абдулла және Ханиф Атмармен сұхбаттарының жай-жапсарын баяндады.