АҚШ-тың заңсыз санкциялары мен коронавирус – ұқсас екі қатер
https://parstoday.ir/kz/news/world-i46328-АҚШ_тың_заңсыз_санкциялары_мен_коронавирус_ұқсас_екі_қатер
АҚШ-тың заңсыз санкциялары мен коронавирус ирандық азаматтардың өміріне қауіп-қатер тудыруда.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Сәу 14, 2020 16:35 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың заңсыз санкциялары мен коронавирус – ұқсас екі қатер

АҚШ-тың заңсыз санкциялары мен коронавирус ирандық азаматтардың өміріне қауіп-қатер тудыруда.

Иран үкіметінің баспасөз хатшысы баспасөз отырысында АҚШ-тың Иранға Халықаралық валюта қорынан (ХВҚ) несие алуға қарсылық білдіруіне тоқталып, АҚШ-тың ХВҚ-ның шешіміне тыйым салу құқығы жоқ екенін қуаттады. Ислам революциясының жеңісінен 41 жыл өткен жағдайда АҚШ ИИР жүйесіне соққы беру үшін бірінші күннен дұшпандығын бастады. Активтерді бұғаттауы мен санкция салуы АҚШ-тың Иран халқына экономика саласында қысым көрсету үшін көздеген 2 механизмі. 1979 жылдың 14 қарашасында Теһрандағы АҚШ елшілігі қызметкерлерінің тыңшылығы әшкереленген соң АҚШ-тың сол кездегі президенті Джимми Картер еліндегі ирандық есеп-шоттарды бұғаттауды бұйырды. Бұл шешімнен кейін 1980 жылы АҚШ үкіметі ресми түрде Иранға қарсы экономикалық қоршауды бастады. Әртүрлі сылтаумен салынған санкциялар Иранға қарсы қоқан-лоққы жасау және бұл елдің мүлкі мен есеп-шоттарын бұғаттайтын қаруға айналды. 1984 жылы Бейрутте бомба жарылысы болған кезде АҚШ Иранды айыптап, санкциялық тізімін ұзартты.  2001 жылдың 11 қыркүйек күнгі лаңкестік шабуылдан кейін АҚШ-та лаңкестікті қолдайтын жеке адам мен елдердің мүліктері мен есеп-шоттарын бұғаттауға рұқсат ететін заң бекітті. Иранның ядролық тақырыбы бойынша іс қозғау Иранға қарсы санкцияларға себеп болды. Бұл қастандық «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы мен Қауіпсіздік кеңесінің №2231-ші қарарының бекітілуімен 2015 жылдың 20 шілдесінде тоқтатылды. Алайда екі жыл өтпей,  Дональд Трамп негізсіз уәждерімен 208 жылдың 8 мамырында АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығатынын ресми түрде жариялап, Иранға қарсы біржақты санкцияларды қайтаруды бұйырды. АҚШ-тың Иранға қарсы санкциялары мен қастықтарының мақсатын Иранды АҚШ-тың қысымдарына бағындыру деп айтуға болады. Бүгін АҚШ тіпті ХВҚ-ның Иранға несие беруіне қарсылық білдіруде. Өткен аптада ирандық заңгерлер, Сыртқы істер министрлігі мен Орталық банк америкалықтар бұғаттаған Люксембургтегі 1 миллиард 600 миллион долларды босатты. Коронавирустың таралуымен қарсыласу үшін  ХВҚ-ның несие бөлуіне қарсы болуы және басқа қастықтары АҚШ басшыларының ақлақ пен адамгершіліктен алыс екенін көрсетеді.