Гутерриш АҚШ-тың ДДСҰ-на қаржылай көмегін тоқтатуын сынады
(last modified Wed, 15 Apr 2020 11:09:55 GMT )
Сәу 15, 2020 17:09 Asia/Almaty
  • Гутерриш АҚШ-тың ДДСҰ-на қаржылай көмегін тоқтатуын сынады

БҰҰ Бас хатшысы қазіргі жағдайда коронавируспен күресуге талпыныс жасап отырған ДДСҰ немесе басқа ұйымға қаржы көмектерді тоқтатуға болмайтынын баса айтты.


 

 

France ақпарат агенттігінің сәрсенбі күнгі мәліметінше, Антонио Гутерриш: «ДДСҰ-на қолдау көрсету керек. Өйткені бұл ұйым COVID-19 вирусына қарсы әлемдік күрестің алдыңғы шебінде»,- деп қуаттады. БҰҰ Бас хатшысы 8 сәуірде АҚШ-тың бұл халықаралық ұйымға айтқан сынына реакция білдіріп, ұйымның мыңдаған қызметкерімен коронавирусқа қарсы күрестің алғы шебінде тұрғанын еске салды.

АҚШ Президенті Дональд Трамп сейсенбі күні Вашингтонның ДДСҰ-на қаржы көмегін тоқтататынын хабарлап, үкіметіне ДДСҰ-ның дұрыс басқармауы және коронавирустың таралуын жасыруын зерттеуді бұйырғанын мәлімдеді.  

 

 

Тегтер