CENTCOM: Ирандық кемелер АҚШ-тың соғыс кемелеріне жақындады
Сәу 16, 2020 12:51 Asia/Almaty
АҚШ-тың Батыс Азияда орналасқан әскери күштерінің штабы (CENTCOM) сәрсенбі күні кешкі Иранның бірнеше әскери кемесінің Парсы шығанағында АҚШ-тың әскери кемелеріне жақындағанын мәлімдеді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, CENTCOM осы мәлімдемеде: «Иранның 11 әскери кемесі сәрсенбі күні 6 америкалық кемеге жақындап, оларға кедергі жасады»,-деген уәж айтты.
CENTCOM өз мәлімдемесінде халықаралық заңдарға керісінше Парсы шығанағы үшін басқа атау қолданып, оқиға орнын осы шығанақтың солтүстігі деп атады.
CENTCOM ирандық кемелерді қатерлі әрекет жасады деп айыптаса да, өзі де өткен айларда халықаралық заңдарға қайшы бірнеше әрекет жасады.