Мусави: Шетелдік күштер Иранды ескерту жасауға мәжбүрлемесін
https://parstoday.ir/kz/news/world-i46409-Мусави_Шетелдік_күштер_Иранды_ескерту_жасауға_мәжбүрлемесін
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы АҚШ Мемлекеттік хатшысының Иран Қарулы күштерінің Парсы шығанағында патруль жасап жүргені туралы сөздеріне реакциясында: «Шетелдік күштер Иранды ескерту жасауға мәжбүрлемесін»,-деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Сәу 20, 2020 20:18 Asia/Almaty
  • Мусави: Шетелдік күштер Иранды ескерту жасауға мәжбүрлемесін

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы АҚШ Мемлекеттік хатшысының Иран Қарулы күштерінің Парсы шығанағында патруль жасап жүргені туралы сөздеріне реакциясында: «Шетелдік күштер Иранды ескерту жасауға мәжбүрлемесін»,-деді.

Сейіт Аббас Мусави дүйсенбі күні БАҚ өкілдерімен өткізген бейнеконференцияда Батыс Азия аймағында шетелдік күштердің құзырын текетірес, тұрақсыздық пен тынышсыздықтың себебі деп атап: «Америкалық күштер Иран Қарулы күштерінің патруль жасауына кедергі келтіріп отыр. Иранның Парсы шығанағында жүргеніне мыңдаған жыл болды. Бұл аймақтың қауіпсіздігі Иран мен аймақ елдері, әсіресе Ормуз бұғазында орналасқан Оманның көмегімен қамтамасыз етіледі»,-деп қуаттады.

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы бойынша Иранға қарсы қару-жарақ санкцияларының мерзімі аяқталып қалғанына байланысты АҚШ-тың бұл санкцияларды ұзартуға талпынып жатқанына тоқталып: «АҚШ әлемдік қауымдастықтың назарын өзі жасап отырған экономикалық терроризмнен алдарқатуды мақсат тұтып отыр»,-деді.