Астана келіссөздерінің жаңа кезеңі видеоконференция форматында өтеді
https://parstoday.ir/kz/news/world-i46421-Астана_келіссөздерінің_жаңа_кезеңі_видеоконференция_форматында_өтеді
Ресей Сыртқы істер министрлігі дүйсенбі күні кешке Астана келіссөздері жаңа кезеңінің 22 сәуірде видеоконференция форматында өтетінін хабарлады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Сәу 21, 2020 12:53 Asia/Almaty
  •  Астана келіссөздерінің жаңа кезеңі видеоконференция форматында өтеді

Ресей Сыртқы істер министрлігі дүйсенбі күні кешке Астана келіссөздері жаңа кезеңінің 22 сәуірде видеоконференция форматында өтетінін хабарлады.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Ресей Сыртқы істер министрлігі отырыстың «Астана үдерісіне» кепіл елдер – Иран, Ресей және Түркия Сыртқы істер министрлерінің қатысуымен  өтетінін мәлімдеді. Ресей Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, отырыста Сириядағы ағымдағы өзгерістер мен осы елдің жағдайын жақсарту жолдары туралы пікір алмасу өтеді.

ИИР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Сейед Аббас Мусави дүйсенбі күні «Астана үдерісінің» Иран, Ресей және Түркияның күн тәртібінде Сирия дағдарысын шешетін ең маңызды үдеріс ретінде қарастырылып жатқанын айтты.