Германия INSTEX-тің екінші транзакциясының жасалатынына уәде берді
Сәу 22, 2020 13:46 Asia/Almaty
Германия Сыртқы істер министрі INSTEX-тің екінші транзакциясының жылдам жасалатынына уәде берді.
Fars News ақпарат агенттігінің мәліметінше, Хайко Маас 21 сәуір күні INSTEX қаржы механизімінің бірінші транзакциясынан кейін 20 күннен кейін тез арада оның екінші транзакциясының жасалатынына уәде берді. Германия Сыртқы істер министрі: «INSTEX бірінші транзакциясынан кейін әлі даму кезеңін өткеруде. Біз екінші транзакцияны жасауды жыламдату үшін бір-бірімізбен тығыз қарым-қатынас жасап жатырмыз. INSTEX-тің екінші транзакциясы коронавирустың таралуын бақылауға алуға қажет тауарлар экспортына қатысты болады»,- деді.