Халықаралық заңдарды Иран емес, АҚШ бұзып отыр
https://parstoday.ir/kz/news/world-i46468-Халықаралық_заңдарды_Иран_емес_АҚШ_бұзып_отыр
Ресей Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы бейсенбі түнде Иранның «Нұр» жерсерігін ұшыру шарасының БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің №2231 қарарын бұзбайтынын мәлімдеді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Сәу 24, 2020 13:40 Asia/Almaty
  • Халықаралық заңдарды Иран емес, АҚШ бұзып отыр

Ресей Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы бейсенбі түнде Иранның «Нұр» жерсерігін ұшыру шарасының БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің №2231 қарарын бұзбайтынын мәлімдеді.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Мария Захарова: «АҚШ өзі БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің №2231 қарарын сан рет бұзған жағдайда Иранды осы қарарды бұзды деп айыптап отыр. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің №2231 қарары мен «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы Иранға әуе-ғарыш саласында бейбіт мақсатта жұмыс істеуге тыйым салмайды»,-деді.

Ресей Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Иранның жерсерік ұшыру шарасының БҰҰ-ның ядролық бағдарламаға қатысты қарарларына қайшы келмейтінін қуаттап: «АҚШ-тың ирандық зымырандардың ядролық қару тасымалдай алатынды туралы уәждері негізсіз»,- деді.