Халықаралық заңдарды Иран емес, АҚШ бұзып отыр
Ресей Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы бейсенбі түнде Иранның «Нұр» жерсерігін ұшыру шарасының БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің №2231 қарарын бұзбайтынын мәлімдеді.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Мария Захарова: «АҚШ өзі БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің №2231 қарарын сан рет бұзған жағдайда Иранды осы қарарды бұзды деп айыптап отыр. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің №2231 қарары мен «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы Иранға әуе-ғарыш саласында бейбіт мақсатта жұмыс істеуге тыйым салмайды»,-деді.
Ресей Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Иранның жерсерік ұшыру шарасының БҰҰ-ның ядролық бағдарламаға қатысты қарарларына қайшы келмейтінін қуаттап: «АҚШ-тың ирандық зымырандардың ядролық қару тасымалдай алатынды туралы уәждері негізсіз»,- деді.