АҚШ-та коронавирусқа шалдыққандар саны 880000-нан асты
Сәу 24, 2020 13:42 Asia/Almaty
АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар саны тағы күрт өсіп, 880000-нан асты.
ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, америкалық ақпарат құралдары бейсенбі күні елде коронавирус жұқтырғандар санының 880204 адамға жеткенін, соның ішінде 49845 адамның көз жұмғанын хабарлады.
АҚШ үкіметі, әсіресе ел басшысы Дональд Трамп елде коронавирустың таралуына қатысты жауапсыздығы үшін қатты сынға ұшырады.