Ирандық Beygah фильмі АҚШ-тың Даллас кинофестивалінің үздік фильмі атанды
Сәу 25, 2020 14:07 Asia/Almaty
Ирандық Beygah фильмі АҚШ-тағы Dallas VideoFest Alternative Fiction-2020 халықаралық кинофестивалінде ең үздік фильм сыйлығына ие болды.
IRNA агенттігінің сенбі күнгі мәліметі бойінша, режиссер Пуиа Эштеһарди және продюссер Мұхаммад Саджадианның Beygah фильмі әртүрлі халықаралық фестивальдердегі жетістіктерінің жалғасында Далластағы 32-ші VideoFest Alternative Fiction-2020 халықаралық кинофестивалінде көркем фильмдер номинациясында үздік фильм атанды. Бұл фильмнің сюжеті сарбаздың темекі шегуіне байланысты қарындасының тұрмыс құру тойына қатысу үшін демалыс ала алмау оқиғасына құрылған.