Хуктың сандырағы: "Иран үмітсіздікке салынды"
АҚШ Мемлекеттік департаментіндегі Иранға қарсы шара тобының басшысы жексенбі күні «Иерусалим Пост» сионистік газетіне берген сұхбатында Ақ үйдің Иранға барынша қысым жасау саясатын қорғады.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Брайан Хук сұхбаттың жалғасында АҚШ-тың Иранға барынша қысым жасау науқанына тоқталып: «Иранға жасалып жатқан қысым Теһранның сыртқы саясатының өзгеруіне себеп болды. Иран АҚШ-тың қысымы салдарынан үмітсізденіп, аймақтағы ықпалынан айырылып жатыр»,-деген уәж айтты.
Аймақта тұрақтылық тудыратын ықпалды да қуатты ел ИИР басшылары дағдарыс немесе лаңкестікпен күресіп жатқан елдер мен жапа шеккен халықтар өтініш білдірген жағдайда оларға көмектесуге асығатынын және өз ұстанымынан бір сәтке де кері шегінбейтінін сан рет мәлімдеген жағдайда АҚШ басшылары Иранның аймақтағы белсенділігі солғындап, ықпалы азая бастағаны туралы күлкілі сөз айтып отыр.