БҰҰ Бас хатшысы Иранның Йеменде атысты тоқтату бітімін орнату талпыныстарын қолдады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i46519-БҰҰ_Бас_хатшысы_Иранның_Йеменде_атысты_тоқтату_бітімін_орнату_талпыныстарын_қолдады
Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен телефон арқылы сұхбатында Йемен дағдарысының әскери шешім жолы жоқ екенін айтып: «Тұрақты атысты тоқтату бітімін орнату Йемен дағдарысын саяси жолмен шешу үдерісіне алғышарт болмақ»,-деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Сәу 27, 2020 16:00 Asia/Almaty
  • БҰҰ Бас хатшысы Иранның Йеменде атысты тоқтату бітімін орнату талпыныстарын қолдады

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен телефон арқылы сұхбатында Йемен дағдарысының әскери шешім жолы жоқ екенін айтып: «Тұрақты атысты тоқтату бітімін орнату Йемен дағдарысын саяси жолмен шешу үдерісіне алғышарт болмақ»,-деді.

Қазіргі жағдайда Йеменнің ең басты қажеттілігі – осы ел халқына гуманитарлық көмек жіберу үшін шекараларды ашып, айлақтардың қоршауын тоқтату.

Осы қажеттілікті ескере отырып, Иран бұрынғыдай Йеменде соғысты тоқтатып, қоршауды жоюға бағытталған кез келген бастаманы қолдайды.

Саудиялық коалицияның Йеменге қарсы соғысының бесінші жылы 2020 жылдың 26 мамырында аяқталды. Осы күнге дейін 100 мыңнан астам адам тікелей және жанама түрде осы соғыс салдарынан қаза тапты.  

Йемен халқының жағдайы осы шабуылдар салдарынан қатты ушығып кетті.

Бейбітшілік тек шабуылдар тоқтатылып, қоршау жойылған кезде орнайды, бірақ қазір бейбітшілікке шынайы мұрсат жоқ, өйткені Сауд Арабиясының шабуылдары жалғасып жатыр. Шетелдік күштердің Йеменге әскери басқыншылығы мен бұл елді әуе, теңіз және құрлықтан қоршауға алуы өткен бес жылда жапа шеккен халыққа көмектесу жолдарын шектеді. Қазір бұл елде тиісті санитарлық мүмкіндіктердің болмауы жағдайында коронавирустың таралуы алаңдаушылықты арттырып отыр.

Алайда саудиялық коалиция соғысты тоқтатуды қаламайды.  

Саяси сарапшылар Сауд Арабиясы бітім орнату арқылы басқа мақсаттарды көздейді. Айғақтар мен белгілер көрсеткендей, эр-Рияд өзін басқа бір шабуылға дайындауды мақсат етіп отыр.  

Йеменнің бейбіт келіссөздеріндегі Сана делегациясының басшысы әрі Ансаролла қозғалысының ақпарат өкілі Мұхаммад Абдуссалам Al-Masirah телеарнасына берген сұхбатында басқыншылардың бітім туралы сөздерінің жалған әрі көзбояушылық екенін айтып: «Біз БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінен ай сайын нәтижесіз жиын өткізудің орнына Йеменде соғысты тоқтатып, қоршауды жою үшін кесімді шешім қабылдауын сұраймыз»,-деді.

Қазіргі таңда Йемен жойқын соғыс салдарынан үлкен бір адами апатқа ұшырау алдында тұр. БҰҰ Бас хатшысы Йеменде коронавируспен күресу үшін атысты тоқтату бітімін орнатуға және оны Йеменнің ұлттық құтқару үкіметі тарапынан қабылдануына ұсыныс жасауы шын мәнінде Сауд Арабиясы мен басқа басқыншылардың Стокгольм келісіміне беріктікті сақтап, Йемендегі қылмыстары мен  соғысты доғаруға берілген мұрсат болып отыр.

Бұл ұсыныс коалицияның іс жүзінде әрекет етіп, Йемен қоршауын жоюымен қатар жүрсе, күнәсіз мыңдаған адамның өлімінің алдын алуға және  бейбітшілік пен тұрақтылық орнатуға жағдай жасау үшін маңызды қадам болмақ.