Тәжікстан Қазақстанға бір фильмге қатысты наразылық нотасын жіберді
Тәжікстан Сыртқы істер министрлігі елдің елшісіне тіл тигізген қазақстандық сериалдардың бірінің шығуына байланысты Қазақстан Сыртқы істер министрлігіне наразылық нотасын жіберді.
Fars News ақпарат агенттігінің мәліметінше, Тәжікстан Сыртқы істер министрлігі наразылық нотасында «B.A.S production» продюсерлік орталығы мен фильмге тапсырыс берген Қазақстанның тәуелсіз NTK арнасын тексеруге шақырды. Тәжікстан Қазақстан заңнамасына сәйкес, этникалық араздықты қоздыруға бағытталған қасақана әрекеттерді ескеріп, тезірек шара қабылдауды сұрады. «Патруль» сериалының кемінде екі бөлімінде Тәжікстан елшісі қылжаққа айналдырылған. Бұл фильмде қазақстандық полицияның бірі Тәжікстан елшісін ұрып-соғып, оған полиция бөлімшесіндегі кеңсені сырлатып, көлігін жуғызады.