Германия полициясы мешіттер мен мұсылмандардың үйлеріне шабуыл жасады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i46575-Германия_полициясы_мешіттер_мен_мұсылмандардың_үйлеріне_шабуыл_жасады
Германия полициясы бейсенбі күні ел Үкіметінің Ливан Хизболласын лаңкес деп жариялау шешімімен тұспа-тұс елдегі бірнеше мешіт пен мұсылмандардың үйлеріне шабуыл жасады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Maм 01, 2020 11:22 Asia/Almaty
  • Германия полициясы мешіттер мен мұсылмандардың үйлеріне шабуыл жасады

Германия полициясы бейсенбі күні ел Үкіметінің Ливан Хизболласын лаңкес деп жариялау шешімімен тұспа-тұс елдегі бірнеше мешіт пен мұсылмандардың үйлеріне шабуыл жасады.

Fars News ақпарат агенттігінің мәліметінше, Германияның қауіпсіздік саласының басшылары елде Ливан Хизболласының шамамен 1050 мүшесі өмір сүретіні туралы уәж айтты. Германия Ішкі істер министрлігі кеше бейсенбі күні сионистік режим мен АҚШ-қа жағыну үшін Ливан Хизболласын лаңкестік деп атауымен бірге бұл топтың Германия жеріндегі жұмысына тыйым салынғанын жариялады. Ливан Хизболласы аймақтағы америкалық-сионистік қастықтарға қарсы тұруда маңызды рөл атқарады.