Германия үкіметінің Хизболлаға қарсы әрекеті Израиль мен АҚШ мақсаттарына сай
ИИР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Мусави жұма күні таңертең Германия үкіметінің Ливан Хизболласын лаңкестік деп атаған дұшпандық әрекетін сионистік режим мен АҚШ-тың мүдделеріне сай деп сараптап, оны айыптады.
IRNA ақпарат агенттігінің мәліметінше, Сейед Аббас Мусави Германия үкіметінің бұл әрекетін айыптауымен бірге: «Еуропадағы кейбір мемлекеттер өз ұстанымдарын Батыс Азия аймағындағы оқиғаларға көңіл бөлмей, тек сионистік режим мен АҚШ-тың үгіт-насихаттық аппаратының мақсаттарына сай білдіреді»,- деді. Мусави Ливан Хизболласының ДАИШ-тың лаңкестігіне қарсы күресте маңызды рөл атқарғанын қуаттап: «Германия үкіметі аймақтағы шынайы лаңкестік топтармен күрес туралы шешімінің теріс салдарларына жауапты болуы керек»,- деді.