Трамп Конгрестің Иранға қатысты соғыс өкілеттігін азайту туралы қаулысына вето жариялады
Maм 07, 2020 12:04 Asia/Almaty
АҚШ Президенті Дональд Трамп бейсенбі күні таңертең Конгрестің оның Иранға қарсы әскери әрекеттеріне қатысты өкілеттігін азайтуды көздеген қаулысына вето жариялады.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, қазір бұл қаулы Президенттің қолынсыз заңға айналу үшін Конгресс мүшелерінің үштен екі дауысын қажет етеді.
Сардар Солеймани мен оның серіктеріне қапыда қастандық жасалғаннан кейін Дональд Трамптың Иранға қарсы соғысқұмар қоқан-лоққылары АҚШ Конгресінің алаңдаушылығына себеп болды. Сондықтан Конгрестегі демократ өкілдер Трамптың Иранға қарсы соғыс саласында өкілеттігін шектеуді көздеп отыр.