Венесуэла оппозиционерлері мен америкалық компанияның Мадуроға қарсы әрекеті әшкере болды
(last modified Fri, 08 May 2020 11:05:08 GMT )
Maм 08, 2020 17:05 Asia/Almaty
  • Венесуэла оппозиционерлері мен америкалық компанияның Мадуроға қарсы әрекеті әшкере болды

The Washington Post газеті бейсенбі күні жариялаған деректер бойынша, Венесуэла Парламентінің бұрынғы төрағасы Хуан Гуайдо бастаған оппозиционерлер 2019 жылдың қазан айында Флоридадағы бір америкалық қауіпсіздік компаниясымен Венесуэла Президенті Николас Мадуроны құлату үшін құны 213 млн долларлық келісімшартқа қол қойған.


Өткен жексенбіде Венесуэла үкіметі бір лаңкестік әрекеттің залалсыздандырылғанын, теңіз арқылы елге кіруді көздеген лаңкестердің өлтіріліп, кейбіреуінің жараланғанын хабарлады.  

The Washington Post газетінің жазуынша, Мадуроның қарсыластары мен «Силвер Групп» америкалық компаниясының келісімі 42 беттен тұрады. Онда қолданылатын мина мен әскери жабдықтардың түрлері, операцияны өткізудің нақты тактикасы баяндалған.