Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары Өзбекстанға іссапармен барды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i46676-Қазақстан_Премьер_министрінің_орынбасары_Өзбекстанға_іссапармен_барды
Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр Сардоба бөгетінің бұзылуы салдарынан су астында қалып, зардап шеккен аудандарды аралау үшін Өзбекстанның шығысында орналасқан Сардоба облысына аттанды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Maм 08, 2020 12:45 Asia/Almaty
  • Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары Өзбекстанға іссапармен барды

Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр Сардоба бөгетінің бұзылуы салдарынан су астында қалып, зардап шеккен аудандарды аралау үшін Өзбекстанның шығысында орналасқан Сардоба облысына аттанды.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Өзбекстан Премьер-министрінің орынбасары әрі Инвестиция және сыртқы сауда министрі Сардор Умурзаков пен Сардоба облысының әкімі Гафур Мирзаев Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары бастаған делегацияны қарсы алды.

Қазақстан делегациясы тікұшақпен Сардоба су қоймасының айналасын аралап көрді.

Өзбекстанның шығысындағы Сардоба облысында орналасқан Сардоба су қоймасы бөгетінің бұзылуы салдарынан 70 мыңға жуық адам үйлерінен кетуге мәжбүр болып, жарақат алған 56 адам ауруханаға жеткізілді.