АҚШ-та коронавирустан көз жұмғандар саны 76 мыңнан асты
ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің бейсенбі күнгі америкалық ақпарат құралдарына сілтеме жасап хабарлауынша, АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар саны 1 292 623 адамға жетіп, 76 928-і көз жұмды.
АҚШ коронавирус жұқтырғандар мен көз жұмғандар тұрғысынан әлемде көш бастап тұр.
АҚШ үкіметі қазір науқастардың көптігіне байланысты коронавирусты анықтайтын түтікшелер мен медициналық жабдықтар тапшылығына ұшырап отыр.
АҚШ-та коронавирус таралғаннан кейін осы елдің тарихында бірінші рет бүкіл 50 штатта төтенше жағдай жарияланды.
Қалыптасқан жағдайға байланысты АҚШ үкіметі, әсіресе Президенті Дональд Трамп қатты сынға алынып жатыр.
АҚШ-тың ауруханалар ассоциациясы 8 наурыздағы бір мәлімдемесінде 96 млн америкалықтың вирус жұқтырып, 480 мың адамның көз жұмуы ықтимал екенін айтқан болатын.