Бір қара нәсілді америкалықты ақ нәсілді әке мен бала өлтірді
Бір саябақта бірнеше ақ нәсілді америкалықтың қара нәсілді қарусыз жігітке жасаған шабуылы туралы жантүршігерлік видеоның таралуы АҚШ халқының ашу-ызасын келтірді.
Джорджия штатының бас прокуроры Кристофер Кар АҚШ-тың федералдық прокуратурасынан екі немесе үш ақ нәсілді адамның оғынан қаза тапқан қара нәсілді жігіт Ахмад Арберидің өлімі жайлы толық тексеріс жүргізілуін талап етті.
Видеода қара нәсілді қарусыз бір адам саябақта спортпен айналысып жатқан сәтте сырттай әке мен бала сипатты ақ нәсілді қарулы екі адамның шабуылына ұшырағаны көрсетілген. Ахмад оқ тигеннен кейін бірнеше метр жүріп барып, құлап, жан тапсырған. Полиция Грегори МакМайкл мен Тревис МакМайкл деген екі адамды қамауға алды.