Майк Пенс карантинге жатты
Bloomberg сайты 11 мамыр күні коронавирустың Ақ үйге таралуының алдын алу үшін АҚШ Президентінің орынбасары Майк Пенстің карантинге алынғанын хабарлап: «Жұма күні Ақ үйдің баспасөз өкілі Кэти Миллер коронавирус жұқтырғаннан кейін Майк Пенс жұмысқа келмеді»,-деп жазды.
Бұған қарамастан, Майк Пенс кеңсесінің ақпарат өкілі бұл хабарды теріске шығарып, Пенстің дүйсенбі күні Ақ үйге баратынын айтты.
Өткен бір аптада Ақ үйдегі бірнеше адам мен АҚШ Президентінің 11 күзетшісі коронавирус жұқтырғандықтан 0-қа жуық адам карантинге алынды.
Reuters ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Трамп пен Пенстің екеуі де коронавирус жұқтырғандармен тікелей байланыста болса да, маска тағудан бас тартқан. Бұл осы екі адамның науқастанып, өз міндеттерін атқаруға жарамсыздығы туралы болжамдардың артуына себеп болды.