Қазақстан Тәжікстанға гуманитарлық көмек ретінде 5000 тонна ұн жіберді
Maм 14, 2020 14:22 Asia/Almaty
Қазақстан Тәжікстанға азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін гуманитарлық көмек ретінде 5000 тонна ұн жіберді.
Fars News агенттігінің хабарлауынша, кеше Душанбеде Қазақстанның гуманитарлық көмегін тапсыру рәсімі Қазақстанның Тәжікстандағы елшісі Асқар Тәжібаев пен Тәжікстанның мемлекеттік азық-түлік агенттігі директорының орынбасары Сохибджон Зиедуллоевтың қатысуымен өтті.
Қазақстан елшісі Нұр-Сұлтанның бауырлас тәжік халқына жыл сайын гуманитарлық көмек жіберетінін, оның жалпы көлемі 2006 жылдан бері 38 млн долларды құрағанын айтты.
Тәжікстанның мемлекеттік азық-түлік агенттігі директорының орынбасары Қазақстанға гуманитарлық көмек көрсеткені үшін алғыс білдірді.