Қытай: АҚШ Иранның қару-жарақ санкциясының мерзімін ұзарта алмайды
Maм 15, 2020 12:08 Asia/Almaty
БҰҰ-дағы Қытайдың тұрақты өкілі АҚШ-тың БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Иранға қарсы қару-жарақ санкциясының мерзімін ұзарта алмайтынын қуаттады.
Fars News ақпарат агенттігінің мәліметінше, БҰҰ-дағы Қытайдың тұрақты өкілеттігі Twitter-де АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығып, Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарын бұзғанын қуаттап: «АҚШ-тың Иранға қарсы қару-жарақ санкциясының мерзімін ұзартуға құқығы жоқ, сондай-ақ, санкцияларды автоматты түрде қайтару механизмін іске қоса алмайды. «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын сақтап қалу – алға ілгерілейтін жалғыз жол»,- деп жазды.