Германия Сыртқы істер министрі Иранды тағы айыптады
Maм 16, 2020 10:28 Asia/Almaty
Германия Сыртқы істер министрі Хайко Маас жұма күні өз елінің Парламентінде ешбір құжат ұсынбай, Иран, Ресей, Венесуэла, Түркия мен Қытайдың коронавирус пандемиясын журналистерге шара қолдану үшін мұрсат ретінде қолданғаны жөнінде уәж айтты.
Германия Сыртқы істер министрі бұл уәжді өз елі адам құқығын бұзушы елдердің бірі болып отырған жағдайда айтты. Германия өткен жылдары Сауд Арабиясына қару-жарақ сатып, Йеменге қарсы соғыс қылмыстарына көмектесті. Саудиялық шапқыншы коалиция батыстың, соның ішінде германиялық қаруларды Йеменнің жәбір көрген халқын қырып-жоюға қолданды.