Лаңкестік құрбандарын қорғау ұйымы АҚШ Бас прокуратурасына хат жолдады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i46799-Лаңкестік_құрбандарын_қорғау_ұйымы_АҚШ_Бас_прокуратурасына_хат_жолдады
11 қыркүйек оқиғасын жобалаушылардың артында тұрған ақиқаттарды іздеушілердің дауысын естімеу адам құқығы мен әлемдік қауіпсіздікке қатты зиян тигізеді. Сонымен қатар лаңкестіктің артында тұрған саясаткерлер мен ұйымдастырушыларға толық қорғалған жағдайда лаңкестік саясат пен қылмыстарын жалғастыруға рұқсат береді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Maм 17, 2020 15:33 Asia/Almaty
  • Лаңкестік құрбандарын қорғау ұйымы АҚШ Бас прокуратурасына хат жолдады

11 қыркүйек оқиғасын жобалаушылардың артында тұрған ақиқаттарды іздеушілердің дауысын естімеу адам құқығы мен әлемдік қауіпсіздікке қатты зиян тигізеді. Сонымен қатар лаңкестіктің артында тұрған саясаткерлер мен ұйымдастырушыларға толық қорғалған жағдайда лаңкестік саясат пен қылмыстарын жалғастыруға рұқсат береді.

Лаңкестік құрбандарын қорғау ұйымы сенбі күні АҚШ-тың Бас прокуроры Уильям Баррға жазған хатта осы шындықты баяндап, 2001 жылы 11 қыркүйек оқиғасының ақиқатын ашуды сұрады.

Yahoo News-тің тілшісі Майкл Исиков өткен сәрсенбі күнгі репортажында: «FBI-дың бір қызметкері 11 қыркүйек оқиғасында құрбан болғандардың жанұяларының Сауд Арабиясының үстінен шағым түсіруіне қатысты сот ісінде бір саудиялық дипломаттың атын атады»,-деп мәлімдеді. FBI құжатында Масаед Ахмад әл-Джараһ деген саудиялық дипломаттың аты аталған. Ол 1999-2000 ж.ж. Вашингтондағы Сауд Арабиясының елшілігінде жұмыс істеп, осы елдің Ислам істері министрлігі қызметкерлерінің Лос-Анджелесте орналасқан «Малек Фаһд» мешітіндегі жұмыстарын бақылауға жауапты болған. Саудиялық осы дипломат 11 қыркүйек оқиғасына қатысы бар ұшақ ұрлаушы екі адамға қолдау көрсеткен деседі.

АҚШ-тың Әділет министрі Уильям Барр мен Ұлттық барлау агенттігінің директоры Ричард Гренелл осы саудиялық дипломаттың аты-жөні мен оған қатысты барлық құжатты «ішкі құпия» деп атап, оны жариялау АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігіне ауыр зиян тигізеді деп мәлімдеді.

Қазір аталған құжат жарияланғаннан кейін 11 қыркүйек оқиғасында құрбан болғандардың жанұялары АҚШ басшыларының саудиялықтармен тығыз қарым-қатынасына байланысты осы жаппай қырып-жоюдағы Сауд Арабиясының айқын рөлі ашылмауы үшін құжаттарды жасырғандарына көзі жетті. Әлі де айқындалмаған жайттар бар. Бірақ бұл Сауд Арабиясының оқиғағаны жүзеге асыруға нұсқау беріп, Нью-Йоркті қанға бөктіріп, әлемде қоғамдық үрейдің қалыптасуына себеп болғанын білдіретін ең айқын құжат болып отыр.

Халықаралық стратегиялық зерттеулер институтының мүшесі әрі америкалық сарапшы Марк Фитцпатрик Твиттерде: «Ойлап көріңізші, егер осы оқиғаға бір ирандық дипломат қатысты болғанда қандай шу болар еді?» - деп жазды.

Сауд әулетінің осы жылдары мұнайдан түсетін есепсіз ақшаны АҚШ басшыларына  оңды-солды жұмсауы 11 қыркүйек оқиғасы кезіндегі және одан кейінгі үш америкалық президенттің, яғни Буш, Обама мен Трамптың АҚШ-тың ең ірі трагедиясындағы Сауд әулетінің рөлін жасыруға тырысуына себеп болды.

Осы шындықтарды назарға ала отырып, Лаңкестік құрбандарын қорғау ұйымы Ирандағы лаңкестік құрбандарына қатысты азаматтық қоғамның өкілі ретінде АҚШ-тың Бас прокуратурасынан 11 қыркүйек құрбандары жайлы дереккөздерін ашық көрсетіп, оқиғаның ақиқатын анықтап, қоғамдық пікірді хабардар ету және әлемдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікке көмектесу үшін лаңкестіктің тасасында тұрғандарды әшкерелеуге жағдай жасауды сұрады.