Ирактағы Еуроодақ өкілдігінің сайтынан біржыныстылардың туы желбірегені туралы хабар жойылды
Maм 18, 2020 12:53 Asia/Almaty
Ирактағы Еуроодақ өкілдігі жексенбі күні кешке халық, саяси топтар, ресми және бейресми ұйымдар Бағдадтағы осы өкілдік алдында біржыныстылардың туы ілінгеніне жаппай наразылық білдіргеннен кейін өзінің ресми сайтынан, Facebook пен Twitter әлеуметтік желілеріндегі парақшаларынан осы шараға қатысты хабар мен суретті алып тастады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Бағдадтағы Еуроодақтың өкілдігі, Ұлыбритания мен Канада елшіліктері жексенбі күні бірінші рет ресми түрде біржыныстылардың туын Ирак жерінде желбіретті.
Намысқа тиетін бұл әрекет Ирактың түкпір‑түкпіріндегі халықтың, айтулы тұлғалар мен басшылардың ашу-ызасын тудырды.