Өзбекстан мен Қазақстан басшылары телефон арқылы сұхбаттасты
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеёв пен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев телефон арқылы сұхбаттасып, Сардоба су қоймасында болған төтенше оқиғаның салдарларын жою және коронавирустың екіжақты сауда-экономикалық қарым-қатынасқа кері әсерін азайту үшін атқарылып жатқан шаралар мен тиімді әріптестіктің жалғасып жатқанына ризалық білдірді.
Екі ел басшылары, сондай-ақ, сауда мен инвестиция айналымын арттыру, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп, тасымал мен логистика салаларында кооперативтік жобалар мен басым бағыттарды ілгерілету үшін ортақ талпыныстарды арттыру қажеттігін қуаттады.
Өзбекстан мен Қазақстанның 2019 жылғы сауда айналымы 2018 жылмен салыстырғанда 10,6 пайыз өсімді көрсетіп, 2 млрд 750 млн долларға жетті.