Азаттық, қауіпсіздік пен тәуелсіздік – Палестина халқының құқығы
https://parstoday.ir/kz/news/world-i46816-Азаттық_қауіпсіздік_пен_тәуелсіздік_Палестина_халқының_құқығы
Нигерия Исламдық қозғалысының басшысы шейх Закзакидың орынбасары азаттық, қауіпсіздік пен тәуелсіздікті Палестина халқының құқығы деп атап: «Палестина мәселесі Африка халқы үшін діни мәселе ғана емес, ахлақ, сенім және адамгершілік тақырыбы»,- деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Maм 19, 2020 10:14 Asia/Almaty
  • Азаттық, қауіпсіздік пен тәуелсіздік – Палестина халқының құқығы

Нигерия Исламдық қозғалысының басшысы шейх Закзакидың орынбасары азаттық, қауіпсіздік пен тәуелсіздікті Палестина халқының құқығы деп атап: «Палестина мәселесі Африка халқы үшін діни мәселе ғана емес, ахлақ, сенім және адамгершілік тақырыбы»,- деді.

IRNA ақпарат агенттігінің мәліметінше, Абдулқадир Сануси дүйсенбі күні видеоконференция түрінде өткен қасиетті Құдс халықаралық конгресінің бірінші күні сөйлеген сөзінде: «Шейх Ибрахим Закзаки әрқашан Палестина мәселесіне ерекше көңіл бөлді және Палестина тақырыбының Африка халқы үшін ерекше мәселеге айналуына себеп болды»,- деп қуаттады. Абдулқадир Сануси сөзінің жалғасында сионистік режимнің Палестина мен аймақ халқына қарсы қылмыстарын айыптап: «Израиль құрылғаннан бері үлкен әрі көп қылмыс жасап, қолын ондаған мың жазықсыз палестиналықтың қанына былғады»,- деді. Нигериялық ойшыл Палестина мен Құдсты құрметтеуді адамгершілікті құрметтеу деп атап: «Палестиналықтардың қанына батылдық пен ғибрат сіңген. Палестина халқы адамгершілік құндылықтарының көрінісі»,- деп мәлімдеді.