Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысы Израильге ескерту жасады
Maм 19, 2020 11:07 Asia/Almaty
Fars News ақпарат агенттігінің мәліметінше, Жозеп Боррель дүйсенбі күні: «Еуроодақ Израильден палестиналық жерлерді аннексиялауға соқтыратын біржақты шешімдерінен бас тартуды талап етті. Өйткені Израильдің бұл әрекеті халықаралық заңдарға қайшы»,- деді.
Жозеп Боррель осыдан бірнеше күн бұрын Еуроодақтың Израильдің бұл жобасына қысым көрсету үшін кез келген шара қолдана алатынын мәлімдеді.
Сионистік режимнің премьер-министрі Бениямин Нетаньяху жексенбі күні жаңа кабинеттің жұмысы басталған рәсімде Иордан өзенінің батыс жағалауындағы сионистік қалашықтарды басып алынған жерлерге, яғни Израильге қосып алуға талпынатынын айтты.