Тәжікстан мен Қырғызстан шекара күштері арасында атыс болды
Maм 25, 2020 13:06 Asia/Almaty
ILNA ақпарат агенттігінің «Правда» газетіне сілтеме жасап хабарлауынша, Тәжікстан мен Қырғызстанның шекарашылары жексенбі күні тағы атысты.
Бір хабардар дереккөзінің хабарлауынша, белгісіз адамдар Тәжікстан жағынан Қырғызстанның шекаралық бекеттеріне қарай оқ атқан. Ол: «Бұл оқиға жергілікті уақыт бойынша сағат 11:40‑та болды. Екі тарап бірнеше рет бір‑біріне оқ атты»,‑деді. Бұл дереккөзі бұдан артық ақпарат бермеді.
Тәжікстан мен Қырғызстанның шекарашылары бұдан бұрын да бір‑біріне шашыраңқы оқ атқан болатын.