Коронавирус пен екіжақты қарым-қатынас – Тоқаев пен Путин сұхбатының негізгі тақырыбы
Maм 27, 2020 10:57 Asia/Almaty
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті.
Fars News ақпарат агенттігінің мәліметінше, екі жақ пандемия кезіндегі қазіргі жағдай және COVID-19 ауруымен күрес саласындағы әрекеттері жөнінде пікір алмасты. Екі елдің басшылары, сондай-ақ, екіжақты ынтымақтастық және Еуразия экономикалық одағы негіздері бойынша екіжақты қарым-қатынас саласындағы кейбір маңызды мәселелерді талқылады. Сұхбаттың соңында Ресей Президенті қазақ әріптесін Мәскеуде 24 маусымда өтетін Ұлы Отан соғысының 75 жылдығына арналған парадқа қатысуға шақырды. Қазақстан Президенті шақыруды қабылдады.