АҚШ Солтүстік Кореядан ядролық қарудан бас тартуды сұрады
(last modified Wed, 27 May 2020 15:27:52 GMT )
Maм 27, 2020 21:27 Asia/Almaty
  • АҚШ Солтүстік Кореядан ядролық қарудан бас тартуды сұрады

АҚШ Ұлттық қауіпсіздік істері жөніндегі кеңесшісі Роберт О'Брайен Солтүстік Кореядан «экономикалық ұпай» деп атаған нәрсесі үшін ядролық қарудан бас тартуды сұрады.

 

 

 

 

АҚШ Ұлттық Ұлттық қауіпсіздік істері жөніндегі кеңесшісі Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынның бір әскери отырысқа қатысуын маңызды бағалап және Пхеньянның ядролық тежегіш күшінің нығаюын қуаттап: «Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасынан бас тартқаны дұрыс. Егер Солтүстік Корея әлемдік қауымдастыққа қосылып, «ірі экономикаға» ие болғысы келсе, ядролық қарусызданумен айналысып, ядролық бағдарламасынан бас тартуы керек»,- деді. Бірнеше айдан кейін америкалықтар Солтүстік Кореяның ядролық мәселесі туралы әңгімелерін қайта бастады. Коронавирустың АҚШ-та таралуы, Дональд Трамптың аталмыш вирусқа қарсы күресінің дағдарысқа тірелуі, сондай-ақ. Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынның өлімі туралы қауесеттердің таралуы  Ақ үй басшыларының бұл елдің ядролық мәселесі туралы сөздерін тоқтатуға себеп болды.  АҚШ Президентінің Ұлттық қауіпсіздік істері жөніндегі кеңесшісінің экономикалық ұпайларға ие болу үшін Солтүстік Корея ядролық қарудан бас тартуы керек деген сөзі Ақ үйдің Пхеньянға бұрынғы ұсынысын қайталауы саналады.

2016 жылы АҚШ үкіметіне Трамп аяқ басқаннан бері Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасына тиісіп келеді.  АҚШ үкіметі 2018 жылдың маусым айындағы Трамп пен Ким келіссөздерінің алғашқы отырысында Солтүстік Корея ядролық, зымырандық бағдарламасы мен соларға қатысты сынақтарын тоқтатса, Вашингтон бұл елге қарсы санкцияларының күшін жоюға уәде берді. Бірақ АҚШ пен Солтүстік Корея басшыларының Вьетнам астанасы Ханойда өткен келіссөздерінің бірінші және екінші кезеңінің арасында Ақ үй санкциялардың күшін жоймақ түгілі, оларды одан сайын күшейтті. Іс жүзінде Солтүстік Кореяға қарсы дұшпандық стратегиясын нығайтты. АҚШ Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасы туралы келіссөздерге енуден бұрын ұпайға ұпаймен беру саясатын баяндағанымен, бірнеше айдан кейін «бүкіл немесе ешнәрсе» деген саясатқа ауысып, оның шарықтау шегі екі ел басшыларының кездесуінен кейін белгілі болды. АҚШ Солтүстік Кореяның алдындағы міндеттемелерін орындамай, керісінше бұл елге қарсы дұшпандық стратегиясын күшейткен соң Пхеньян басшылары зымырандық сынақтарын қайта бастады. Бұл мәселе Корея түбегіндегі дағдарысқа байланысты Трамптың саясаттарына  қарсы сынға себеп болды. Солтүстік Кореяда зымырандық сынақтар қайта басталғаннан кейін АҚШ-тың бұл елге қарсы қоқан-лоққылары күшейгенімен Пхеньян басшылары зорлық-зомбылықпен қарсыласу мен оған табандылық білдіруді Ақ үйдің күш көрсету саясаттарына қарсы тұратын жалғыз жол деп санады. АҚШ Президентінің Ұлттық қауіпсіздік істері жөніндегі кеңесшісіның Солтүстік Кореяға экономикалық ұпайлардың орнына ядролық бағдарламадан бас тарту ұсынысы Вашингтонның өзінің бұрынғы ұстанымын өзгерту керек деген нәтижеге жеткенін көрсетеді. АҚШ-тың Халықаралық қатынастар кеңесінің басшысы Ричард Хаас: «Егер Дональд Трамп «бүкіл немесе ешнәрсе» саясатын жүргізетін болса, өзі де «ешнәрсеге» дайын болуы керек»,- деді. Роберт О'Брайенның Солтүстік Корея басшысына ядролық бағдарламадан бас тартып, экономикалық ұпай алу туралы ұсынысы «бүкіл немесе ешнәрсе» саясаты сәтсіздікке ұшырағаннан кейін «ұпайға – ұпай» деген саясатқа бұрылуы болып табылады деген ойға жетелейді.