АҚШ-тың Миннеаполис қаласында бүлік толастамай тұр
АҚШ-тың Миннесота штатындағы Миннеаполис қаласында өткен дүйсенбіде қара нәсілді азаматты полиция қызметкері өлтіруіне байланысты наразылықтар жалғасуда.
Raptley ақпарат агенттігінің мәліметінше, наразылықтарға байланысты полиция көліктері наразылар талан-таражға салған сауда орталығына жақын көшені жапты. Наразылар 46 жастағы африкалық азаматтың өліміне әділетті іске асыруды талап етті. Ер адамның «Дем ала алмаймын» дегеніне қарамастан, полиция қызметкері оның мойнын 7 минут тізесімен басып тұрғаннан кейін қайтыс болды. Сәрсенбі күнгі кешкі наразылықтарда жүздеген адам Миннеаполис көшелеріне шығып, «Әділет жоқ! Бейбітшілік жоқ! Дем ала алмаймыз!» деп ұрандатты. Наразылық митингі кезінде бір адам оққа ұшты.