Нью-Йоркте нәсілшілдікке қарсы 200-ден аса наразы қамауға алынды
Maм 31, 2020 10:18 Asia/Almaty
АҚШ-тың әртүрлі қалаларындағы тынышсыздықтардың жалғасында Нью-Йорк қаласының полициясы бір қара нәсілді адамның полиция қолынан қаза тапқанына наразылықтар барысында 200-ден аса адамның қамауға алынғанын хабарлады.
ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Нью-Йорк полиция басқармасының басшысы кейбір полиция қызметкерлерінің наразылармен соңғы қақтығыстар барысында жараланғанын айтты.
Кеше Лос-Анджелес қаласының ортасында өткен шеруде 400-ден аса наразы полицияның қатігез қатынасымен қамауға алынды.
АҚШ Қорғаныс министрлігі жексенбі күні таңертең кейбір әскери бөлімшелерге Миннесота штатындағы наразыларға қарсы тұру үшін дайын болу бұйрығы берілгенін мәлімдеді.