Бразилияда тұратын венесуэлалықтар Иранға алғыс айтты
https://parstoday.ir/kz/news/world-i46972-Бразилияда_тұратын_венесуэлалықтар_Иранға_алғыс_айтты
АҚШ-тың қоқан-лоққыларына қарамастан, Иран Венесуэлаға бензин жібергеннен кейін Бразилияда тұратын венесуэлалықтар ИИР-ға көмегі үшін алғыс айтты.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Maм 31, 2020 12:18 Asia/Almaty

АҚШ-тың қоқан-лоққыларына қарамастан, Иран Венесуэлаға бензин жібергеннен кейін Бразилияда тұратын венесуэлалықтар ИИР-ға көмегі үшін алғыс айтты.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Бразилияда тұратын венесуэлалықтардың бір тобы Бразилиа қаласындағы Иран елшілігінің алдына жиналып: «Аман бол, Иран!», «Солейманиге құрмет!», «Чавеске ізет!», «Фидельге рахмет!» деген ұрандармен ИИР-ның өз елдеріне көмектескеніне алғыс айтты.

Иран АҚШ-тың қоқан-лоққыларына қарамастан, бензин тиеген 5 танкерді Гибралтар бұғазы мен халықаралық сулар арқылы Венесуэлаға жіберді.