Мадуро: Ирандық бауырларымыздың батылдығы мен ынтымақтастығына алғыс айтамыз
https://parstoday.ir/kz/news/world-i46993-Мадуро_Ирандық_бауырларымыздың_батылдығы_мен_ынтымақтастығына_алғыс_айтамыз
Венесуэла Президенті Мадуро дүйсенбі күні тағы ИИР-ның АҚШ-тың екі елге қарсы санкцияларына қарамастан жанармай тиелген бес танкерін жібергеніне алғыс айтты.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Маусым 02, 2020 10:24 Asia/Almaty
  • Мадуро: Ирандық бауырларымыздың батылдығы мен ынтымақтастығына алғыс айтамыз

Венесуэла Президенті Мадуро дүйсенбі күні тағы ИИР-ның АҚШ-тың екі елге қарсы санкцияларына қарамастан жанармай тиелген бес танкерін жібергеніне алғыс айтты.

Tasnim ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Николас Мадуро Иранның жанармай тиелген бесінші танкерінің Венесуэла порттарының біріне келіп тоқтауымен тұспа-тұс Twitter-де Иран үкіметі мен халқына алғыс айтып, Венесуэланың АҚШ-қа қарсы жалғыз емес екенін қуаттады. Мадуро твитінің соңында: «Ирандық бауырларымыздың батылдығы мен ынтымақтастығына алғыс айтамыз»,- деп жазды. Венесуэла Президенті өткен аптаның жексенбі күні де ИИР-ның Венесуэла үкіметі мен халқына қолдау көрсеткеніне алғыс айтқан болатын.