Тахтраванчи: АҚШ-тың санкциялары адамзатқа қарсы қылмыс шегіне дейін жетті
https://parstoday.ir/kz/news/world-i47013-Тахтраванчи_АҚШ_тың_санкциялары_адамзатқа_қарсы_қылмыс_шегіне_дейін_жетті
Иранның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Тахтраванчи: «АҚШ коронавирус дағдарысы жағдайында заңсыз санкцияларды, экономикалық және медициналық терроризмді күшейту арқылы адамзатқа қарсы қылмыс шегіне дейін жетті»,-деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Маусым 03, 2020 13:05 Asia/Almaty
  • Тахтраванчи: АҚШ-тың санкциялары адамзатқа қарсы қылмыс шегіне дейін жетті

Иранның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Тахтраванчи: «АҚШ коронавирус дағдарысы жағдайында заңсыз санкцияларды, экономикалық және медициналық терроризмді күшейту арқылы адамзатқа қарсы қылмыс шегіне дейін жетті»,-деді.

Маджид Тахтраванчи сейсенбі күні біржақты шаралардың коронавируспен жаһандық күреске әсерін қарастыруға арналған отырыста АҚШ-тың коронавируспен күресіп жатқан елдерге қарсы заңсыз біржақты шараларына тоқталып: «Коронавирустың таралуының алдын алуға қажет дәрі-дәрмек пен құрал-жабдықтарға қолжетімділік – барлық елдердің құқығы. Бірақ АҚШ-тың заңсыз біржақты шаралары осы мәселені орындау жолындағы шынайы үлкен кедергі болып отыр»,-деді.  

Тахтраванчи АҚШ-тың азық-түлік, дәрі-дәрмект пен медициналық құрал-жабдыққа санкция салмағанын айтатынына тоқталып: «Бір елді халықаралық сауда мен жаһандық банк жүйесінен мақұрым қалдыру қаржы-сауда механизмдері арқылы азық-түлік, дәрі-дәрмек пен медициналық құрал-жабдыққа қолжетімділіктен мүлде айырады»,-деді.