Гутерриш АҚШ үкіметін нәсілшілдікке наразыларға қатысты ұстамдылыққа шақырды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i47018-Гутерриш_АҚШ_үкіметін_нәсілшілдікке_наразыларға_қатысты_ұстамдылыққа_шақырды
БҰҰ Бас хатшысы Твиттердегі парақшасында: «БҰҰ-ның резиденциясы орналасқан елдің қалаларының көшелерінде қатігездіктерді көру жүректі ауыртып, көңілді қалдырады»,-деп жазды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Маусым 03, 2020 14:59 Asia/Almaty
  • Гутерриш АҚШ үкіметін нәсілшілдікке наразыларға қатысты ұстамдылыққа шақырды

БҰҰ Бас хатшысы Твиттердегі парақшасында: «БҰҰ-ның резиденциясы орналасқан елдің қалаларының көшелерінде қатігездіктерді көру жүректі ауыртып, көңілді қалдырады»,-деп жазды.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Антониу Гутерриш Твиттердегі парақшасында «Нәсілшілдік – ешкім қабылдамауы тиіс жиіркенішті іс» деген сурет жариялап: «Арыз-шағымдар бейбіт түрде айтылып, тыңдалуы керек»,-деп жазды.  

Ақпарат құралдарының мәліметтеріне сәйкес,  өткен бір аптада  АҚШ-тағы нәсілшілдік қарсы наразылықтарда кемінде 13 адам қаза тауып, 9300-ден аса адам қамауға алынды.

Джордж Флойдтың өліміне наразылықтардың күшеюі АҚШ-тың бірнеше қаласында төтенше жағдай жарияланып, жүріс-тұрысқа тыйым салынуға себеп болды.

Өткен бірнеше күнде АҚШ-та болған наразылықтарда жүздеген адам, соның ішінде бірнеше журналист жараланып, қамауға алынды.