Пентагон Трамптың елдегі наразылықтарға күш қолдануына алаңдаушылық білдірді
АҚШ полициясының қара нәсілділерге қарсы нәсілшілдігі мен зорлық-зомбылығы, әсіресе ақ нәсілді полиция офицері Миннеаполисте Джордж Флойдты өтіргеннен кейінгі наразылықтар АҚШ Президенті Дональд Трампты үлкен дағдарысқа тіреді.
Трамп ауқымды наразылықтарды тоқтатуға талпынып, елдің штаттарында күш қолданып, армияны шығарды. Бұл мәселе Пентагонның теріс реакциясымен бітпе-бет келіп, Пентагон басшылары Трамптың күш қолданып, әскери күштерді қолдануына алаңдаушылық білдірді. Трамп дүйсенбі күні штат пен қала басшылары халықтың өмірі мен мүлкін қорғауға тиісті шара қолданбаса, тәртіпсіздіктерді басып-жаншу үшін президентке әскери күштерді қолдануға рұқсат ететін 1807 жылы бектіліген заңға жүгінетінін жариялады. Аталмыш заңның қолданылуы наразыларды басып-жаншу үшін елдің қалалары мен штаттарында АҚШ армиясын орналастыруға жеткізеді. Өзін демократияның көрінісі санайтын АҚШ үшін бұл бұрын-соңды болмаған әрекет саналады. Трамптың тәртіп орнату үшін АҚШ қалаларында әскерилерді орналастыруға дайындығын жариялауы Пентагонның кейбір басшыларының наразылығына себеп болды. Олар қауіпсіздік жағдайдың әскерилерді қатыстыру жағдайына жетпегенін дәлелдеуге талпынуда. Пентагон басшыларының бірі: «Әскерилерді қолдану – тынышсыздықтарды тоқтату үшін қолданылатын ең соңғы жол»,- деді. Трамптың АҚШ-та наразылықтарды басып-жаншу әрекеттері республикашыл партиядағы әріптестерінің сынымен бетпе-бет келді. Конгрестің республикашыл өкілдері Трамптың наразылықтарға реакция білдіру тәсілін сынады. Республикашылар сынды АҚШ полициясы Трамптың шіркеуге баратын жолын ашу үшін Ақ үйге жақын жерде наразыларға көз жасаурататын газ қолданғаннан кейін айтты. АҚШ-тың жағдайы болжамдардан нашар. Трамп коронавирус пандемиясы салдарынан туындаған экономикалық-әлеуметтік дағдарыспен ғана емес, АҚШ полициясының қара нәсілділерге қарсы қатыгездігімен бетпе-бет келіп, күш қолданып, наразылардың ауыздарын жабуға күш салып жатыр.